Үздік атанды

Жастарды әскерге шақырудың 2016 жылғы қорытындысы бойынша Целиноград ауданы жеңімпаз атанып, облыс әкімінің  вымпелін иеленді.

Бұл жетістік ең алдымен, әскерге шақыру комиссиясының төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожина мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, подполковник Найл Хамидуллиннің ұйымдастырушылық жұмыстарының нәтижесі десек, артық айтқандық емес. Өткен жылы ауданнан Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге сексеннен астам жасөспірім шақырылып, оған қоса, 20 жігіт келісім-шартпен әскери қызметке алынды.
Аудандық әкімдік әскерге шақыру науқанын өткізуге қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етуде. Ауыл әкімдері әскерге шақырылғандарды аудан орталығына жеткізуге қажетті көлікпен дер кезінде қамтамасыз етеді. Осының бәрі аудандағы әскерге шақыру жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуіне игі ықпалын тигізуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар