Үздік ұйымдастырушы

Аудандық мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Үздік ұйымдастырушы – 2015» атты облыстық байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты – мәдени іс-шараларды ұйымдастырушылар арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмастыру, олардың шеберліктерін шыңдауға ықпал жасай отырып, еңбектерін көпшілікке насихаттау.
Биыл үшінші рет өткізіліп отырған аталмыш байқауға облыс аудандарынан 19 өнерпаз қатысты. Олар байқау шартына сәйкес төрт кезең, яғни, өзін-өзі таныстыру,
заманауи технологияларды, ғаламторды пайдалана
отырып, жарнама жасау, өнер көрсету, мәдени іс-шаралардың сценарийлерін ұсыну бойынша сынға түсті. Байқауға облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының мамандары төрелік етті.
Келесі күні мәдениет үйлерінің директорлары мен қызметкерлеріне арналған «Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге жаңа идеялар, әдістер мен технологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, оны Каталония кәсіби маман федерациясы сертификатының иегері, Ресейдегі «Праздник» оқу орталығының Қазақстандағы өкілі Станислав Цих жүргізді.
Семинардан соң «Үздік ұйымдастырушы – 2015» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды. Аршалы ауданы мәдениет үйінің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы маманы Ақтан Жаңабергенов қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Сандықтау ауданы Максимовка ауылы мәдениет үйінің маманы Анастасия
Тетерина лайық  деп танылса, жүлделі үшінші орын Атбасар ауданы Садовый ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі Татьяна Ляминаға бұйырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар