Үздік ұстаздар анықталды

Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білім беретін  колледждерінің оқытушылары арасында «Үздік педагог – 2017» байқауы болып өтті.

21 оқытушы байқау барысында өздерінің кәсіби біліктіліктерін барынша көрсетуге тырысты. Алғашқы кезеңде ұстаздар өздері жайлы, отбасы туралы, неліктен оқытушылықты таңдағандары жөнінде кеңінен әңгімелеп берсе, екінші кезеңде шеберлік сабақтарын өткізді. Ал, соңғы үшінші кезеңде ұстаздар сабақ беру барысында өз тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласындағы жоғары колледж оқытушысы Антон Лазорский жеңіп алды. Енді ол күз айында республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
Ал, бірінші орынды Щучинск қаласының сервис және туризм индустриясы колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Мұқышева иеленсе, екінші орын Көкшетау қаласының №1сервистік-техникалық колледжінің оқытушысы Дәурен Әшімовке бұйырды. Үшінші орын тағы да Щучинск педагогикалық колледжінің оқытушысы Надежда Редьконың еншісінде. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар