Үздіксіз жаттығу жақсы нәтижеге қол жеткізеді

Облыс орталығында «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі  шектеулі балалар мен мүгедектердің қоғамда әлеуметтік бейімделуі тақырыбында халықаралық форум болып өтті.

 

Форумға дәрігерлер мен  ата-аналар қатысты.  Жиынның мақсаты – балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін ата-аналарға түсіндіру болып табылады.  Форумды аталмыш қордың атқарушы   директоры Жанат Жақыпов ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу қоғамдағы әрбір адамның азаматтық міндеті екенін тілге тиек етті.  Сондай-ақ, шара барысында  аутизм, даун ауруы  мен балалардың сал болып қалу  себептері жөнінде  Ресей Федерациясының  «Сакура» медициналық кешенінің реабилитологы  Евгений Мекешкин айта келіп, мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін қоғамның бір мүшесі екенін сезіну үшін оларды өзге балалардан бөлудің еш қажеті жоқ екенін жеткізді. «Болашақ» облыстық балалар  ауруханасының невропатологы Айсұлу Ибраева  балалар  ауруханасы  үш  жастан бастап он бес жасқа дейін әртүрлі сырқатқа ұшыраған балаларды қабылдайтындарын  және  жүргізетін емдік шаралар жөнінде  кеңірек әңгімеледі. №1қалалық емхананың медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Гауһар Камелинова мүмкіндігі шектеулі балалармен  зерттеу жұмысы   туралы тарқатып,  олармен үздіксіз жаттығу жұмыстарын жүргізгенде ғана  жақсы  нәтижеге қол  жеткізуге  болатындығын  екпін түсіре айтып өтті.    Ал, шара соңында  форум  қатысушылары мамандарға сауалдар қойып,  арнайы кеңестер  алды.
Назгүл РАБИЛОВА.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар