Зергерлік өнімдер нарығы тәртіпке келтірілуде

Департамент заңды және жеке тұлғаларды өткен жылдың 6 ақпанынан бастап қымбат тастармен, өзге де қымбат тастардан және қымбат металдардан жасалған өнімдермен операция жүргізу саласын реттеуге қатысты «Қымбат металдар мен қымбат тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді.

Осы орайда, зергерлік және өзге бұйымдарды сынақтан өткізу және таңбалау, иесін міндетті тіркеу жөнінде ауыспалы жағдай қарастырылған. Оларды сату барысында мемлекеттік бақылау қолданысқа енгізілді. Заңмен қымбат тастарға, зергерлік және өзге бұйымдарға бәсекелес ортаның қатысушысымен сараптама жүргізу мүмкіндігі берілген. Бұдан бұрын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының сынақтан өткізу палатасы өкілетті ұйым болды. Осыған байланысты өкілетті ұйымдар қымбат тастарға, зергерлік және өзге де бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін анықтауға бағытталған ереже жасады. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды міндетті сынақтан өткізу және таңбалау жөнінде нормалар енгізілді. Бұл тұтынушыларды алдауға жол бермейді. Зергерлік бұйымда барыс басы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынақ таңбасы, өкілетті ұйымдардың кодымен Қазақстан «KZ» халықаралық аббревиатурасы, бұйымды жасайтын иесінің белгісі міндетті түрде болғанына назар аудару қажет.
Өткен жылдың 17 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы аумағында сынақ таңбасынсыз және иесінің белгісінсіз зергерлік және өзге бұйымдарды сатуға рұқсат берілмейді. Өндірушінің тұтынушыға бағыттауы бәсекелестерден гөрі жақсы сапалы тауармен қамтамасыз етуге ұмтылу болып табылады. Бұйымда иесі мен сынақ таңбасының жоқ болуы заңсыз жасалған бұйымды сатып алу белгісінің бірі болып саналады. Осыған орай, аталмыш Заңды жүзеге асыруда зергерлік және өзге бұйымдарды сату саласында тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемі бекітілген. Бұған сәйкес зергерлік және өзге бұйымдарды сату саласына бақылау енгізіледі. Зергерлік бұйымдарды міндетті сынақтан өткізу және таңбалау нормалары тұтынушыларды алдаудың алдын алуға және контрафактік өнімді сараптамасыз сатпауға мүмкіндік береді. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 190-1 бабында өндіруші иесінің сынақ таңбасынсыз және белгісінсіз сатқаны үшін 50-ден 150-ге дейін айлық есептік көрсеткіш жауапкершілігі қарастырылған. Сондай-ақ, қымбат тастарды, зергерлік және өзге бұйымдарды ел аумағына әкелу немесе ел аумағынан әкету жөнінде Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын бұзған үшін 30-дан 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін жауапкершілік қарастырылған.
«Қымбат металдар және қымбат тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 4 тармағына сәйкес, қымбат тастарды, зергерлік және өзге бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Рес-публикасы аумағына әкелу үшін немесе аталмыш елдерден Қазақстан Республикасы аумағынан шығару үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз жұмысын бастағаны немесе тоқтатқаны жөнінде «Рұқсат беру және ескерту жөніндегі» Қазақстан Рес-публикасы Заңында белгіленген тәртіпте өкілетті органға ескертуге міндетті. Заңның жоғарыда аталған нормасында белгіленген тұлғалар жұмысының басындағы ескерту негізінде өкілетті орган, яғни, комитеттің аумақтық департаменттері арнайы есепке тұрғаны жөнінде құжат береді. Жоғарыда айтылғандарды есепке алып, қарастырылған шаралар зергерлік өнім нарығын тәртіпке келтіріп, адал кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, еліміздің зергерлік саласын дамытуға ықпал етеді.

Бейбіт ӘБІЛЕВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *