Жүйелі жұмыс бар

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысында кейбір олқы тұстарға назар аударылды.

Еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін экстремистік ағымдардың  бүлдірушілік әрекеттеріне жол бермеу, адамдарды, оның ішінде жастарымызды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау  мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отыр. Облыс әкімдігінің жанынан құрылған лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі комиссия бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Мәжілісте комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмыстары жан-жақты айтылып, биылғы жылғы жұмыс бағдары нақтыланды.  Отырыста сондай-ақ, облысымыздың аумағында орналасқан лаңкестік шабуыл қаупі бар нысандарды инженерлік-техникалық жағынан жабдықтау жайы да талқыланып, олқылықтарды жою жолдары қарастырылды.
Комиссия отырысының қорытындысына сай, онда қаралған мәселелерге орай тиісті шешімдер қабылданды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар