Жұлдыздарды жақындатқан ғалым

Бауыржан Омаровтың «Төртінші  билік» атты  жаңа  кітабы жарық көрді

 

Жақында ақын  інім Айбатыр Сейтақ  мен үшін  қымбат сәлемдеме  жеткізіп  берді. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Бауыржан Омаров інімнің «Төртінші  билік» атты жаңа кітабы. Бұған дейін  айтулы  қаламгердің «Қаратерең вальсі»  атты  көркем дүниесіне риза болғаным бар еді.

Ғалымның бұл жолғы туындысы  қалам ұстаған қауым – өзіміз жайында болғандықтан, бір демде, таңғы салқын қымызды жұтқандай,  қызыға оқып шықтым. Кітапта  алыстағы  жұлдыздардай  шығармашылық  болмыстары мен шеберханалары бізге жұмбақ көрінетін журналистика жолбарыс-
тары Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза, Нұрмахан Оразбек, Сұлтан Оразалин, Қуаныш Сұлтанов, Сауытбек Әбдрахманов, Жұмағали Ысмағұлов, Уәлихан Қалижанов, Тауман Амандосов, Намазалы Омашев және олардың   тегеурінді толқындарын жалғастырған    дарынды журналистер Нұртөре Жүсіп, Еркін  Қыдыр, Ерлан  Бекхожин  бастаған  жаңа буын  өкілдері жайында 22 эссе-толғаныс бар екен. Тілі ерекше шұрайлы, жазу мәнерінің өзіндік кең тынысы бар  ғалым  қаламгердің бұл жолғы кітабы өте-мөте сәтті шыққан. Алғысөзін «Нұр Отан»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қарымды қаламгер Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі жазуы да көп жайды аңғартса керек. Жеңіл оқылатын,  әр бетін ашқан сайын құмарттыра, қызықтыра жетелеп отыратын  бұл басылымды  көп таралыммен қайта басып шығарса, артықтық етпесі анық. Қазіргі  1000  данасы  қалың  оқырманға тым аздық етеді. Ғалымның  жаңа кітабы  жайындағы менің пікірім осы.
 Смағұл  РАХЫМБЕК,  
жазушы-журналист.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар