Жұмысына адал жан

Әлеуметтік қызметкер мамандығын кез-келген адам жүрек қалауымен таңдай бермейді. Бұл салада негізінен, адамгершілігі мол, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана еңбек етуі керек. Сондай жаны ізгі әлеуметтік қызметкерлердің бірі – Шынар Мырзабеделова.

  – Әлеуметтік қызметкер ретінде Шынар Қоржынбайқызын мен бұрыннан білемін. Бірнеше жылдан бері қол ұшын беріп, көмектесіп келеді. Өзінің жұмысына адал, адамгершілігі, таным-түсінігі мол осындай жандардың әлеуметтік салада еңбек етуі мені ғана емес, мен сияқты көптеген жарымжан, мүгедек адамдарды қуантады. Оның жылы жүзінің нұры төгіліп тұрады. Өмірде адамның сеніміне кіру, оған адал қызмет көрсету әркімнің қолынан келмейтін іс. Ондай адамдар санаулы ғана. Міне, сол санау-лы жандардың бірі – Шынар деп айтар едім, – дейді 1-топтағы мүгедек Ирина Деева өзінің жүрекжарды игі тілектерін білдіре отырып.
– Мен Фариза Оспанованың анасымын. Әлеуметтік қызметкер ретінде Шынар Қоржынбайқызы тарапынан үнемі жылы шырай мен қолдау көмекті сезініп жүреміз. Мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, қызымның жүріп, тұруы, өз қатарларынан қалмай, мектепте оқуы қиындық туғызатыны белгілі. Осы орайда, Шынар Мырзабеделова қолдан келген көмегін аянбай, туындаған қиындықтан шығуға жәрдемін беріп отырады, – дейді мүгедек баланың анасы.
Сонау 90-ыншы жылдардың басында еңбек жолын бастаған қызметкер осы уақытқа дейін жиырмаға жуық аудан тұрғынына әлеуметтік көмек көрсеткен. Бүгінде оның қарауында екі қарт адам, бір бірінші топтағы мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі бір бала бар. Оның еңбегіне риза болған жандар аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне келіп те, алғыс хаттары мен жылы лебіздерін хат арқылы жолдап та жүр.
Жұмысын бар ынтасымен атқаратын ол біліктілікті арттыру курстарына қатысып, өзінің білімін жетілдіріп отырады. Республикадағы «Бота» қайырымдылық қорының еріктілерінің бірі. Осы қордың арқасында ауданның  жүзге жуық тұрғыны материалдық қолдауға ие болыпты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар