Жүрекке жылы жырлар

Белгілі ақын Мұхамедия Жұмағалиевтің жақында «Бақыты үшін басқаның» кітабы ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару» бағдарламасы аясында 5000 дана таралыммен жарық көрді.

Кітапқа автордың әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Туып өскен жері – Көкшетау, оның қайталанбас ғажайып табиғаты, өмірге, адамға деген асыл сезім,   жастық-жарастық, заман, уақыт туралы толғаныс – ақын жырларының негізгі өзегі. Өлеңдері сыршыл да шынайы, тосын да тұшымды ой-түйінімен жанға жақын, жүрекке жылы.
Кітаптың алғысөзін жазған – жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар