Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар

Көкшетау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика бағыты бойынша қалалық пән олимпиадасы болып өтті. Аталмыш білім сайысында қала мектептерінің 5-7 сынып оқушылары  өз білімдерін сарапқа салды.

452 оқушы қатысқан сайыста 17 оқушы  бірінші орыннан  көрінсе, 38 оқушы жүлделі екінші орынды иеленген, үшінші орын  51 оқушыға бұйырды.   
Салтанатты шара қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Рәбиға Әбілхамитова байқау қорытындысына байланысты өз  ой-пікірін айтып, жүлдегерлерді марапаттады.   Биология пәнінен  қалалық пән олимпиадасында бірінші дәрежелі дипломмен №7 орта мектебінің оқушысы Гүлжанат Жанахмет, №2  мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Елнара Дүйсенбаева, №17 орта  мектебінің 7 сынып оқушысы Үміт Серікова, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының география пәнінен Камила Закирова, №4  орта мектебінің 5 сыныбында оқитын Артур Каргаполов, №3 Краснояр көп салалы орта мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Аяулым Омарова жеңіс тұғырынан көрінді.  
Физика пәні бойынша бірінші орынды №17 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Медхан Дайыров, №1 Краснояр орта мектебінің 5 сынып оқушысы Сәбина Жусиева, математика сабағынан №8 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Сергей Зуев, №4 орта мектебінің  6 сынып оқушысы Томирис Әбілтаева,  №6 мектеп-гимназиясының  6 сынып оқушысы Мария Милюта, информатика пәнінен №11 орта мектептің 7 сынып оқушысы Александр Анзин  сияқты  бірқатар мектеп оқушыларына да дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: қалалық пән
олимпиадасының жеңімпаздары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар