Жаңа бағдарламаларды жүзеге асыратын боламыз

Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялаған болатын. Осы үндеудің үшінші бастамасында: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесін алға тартқан еді.

Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 пайызға жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Осыған орай, Елбасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын, – деген болатын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек екенін де баса айтты. Мұның бізге тиімді жақтары өте көп. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға тиесілі болғалы отыр. Яғни, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын мыңдаған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді деген сөз. Мұнда бастысы инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы айтылады. Демек, жастарымызға мемлекет тарапынан зор қамқорлық көрсетілетіні айқын. Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне теңестіру керек, – деді Елбасы. Мұндай жағдайда оқытушыларымыздың еңбекақысы да өседі. Зертханалар ашу, басқа да көптеген жұмыстарды қолға алу қажет болады.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев: – «Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет», – деді өз үндеуінде. Тағы бір айтқаны, «Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын, – дегені өте құптарлық жайт.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті екені жасырын емес. Осыған орай, біздің университеттің 5 жатақханасында қазір 1330 студент осы орынға лайықты тұрып жатыр. Ал, болашақта бала санының өсуі, демографияның дамуына байланысты да алға жылжиды. «Серпін» бағдарламасымен Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен дайындық бөліміне студенттер қабылдаймыз. 200 білім алушыларға арналған медициналық факультетін ашуды да жоспарлап отырмыз. Сондықтан, тағы 1000 орындық жатақханаға сұраныс бар деген сөз. Айталық, магистранттарымыздың өзі 300-ден астам. Сондықтан, Білім және ғылым министріне хат жолдап отырмыз. Өйткені, Елбасы өз сөзінде: бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек, – деген болатын.
Сондықтан Елбасының үндеуін толық қолдай отырып, алдағы уақытта жатақхана тапшылығы да біржола шешіліп, жастарымыздың білім алуына даңғыл жол ашыларына сенімдімін.
Аманай СЕЙІТҚАСЫМОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің
тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *