Жаңа қазандық

Шаңтөбе кентінде құны 1,5 миллиард теңгеге жуық жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде.

Аталмыш жоба «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отыр. Жобаның құны 1 миллиард 243 миллион теңгені құрайды. Ағымдағы жылға 800 миллион теңге қаржы бөлінді. Нысанның құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарын «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Техникалық бақылауды «ELAMANCOMPANY» және авторлық бақылауды «Прогресс Инжиниринг» серіктестіктері жүргізбек.
Қазіргі кезде құрылыс алаңы анықталып, қазандық пен көмір қоймасының іргетасын қалау жұмыстары басталып кетті.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар