Жаңа бағытқа негізделген

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс орталығында жұмыс істейтін  қоғамдық бірлестіктер мүшелері Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауын талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25  жыл ішінде  әлемге дербес мемлекет ретінде танылып, дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылды.  Бұл біздің нақты жоспар құрып, оны жүзеге асыруға асқан жауапкершілікпен қарап, жан аямай еңбектенгеніміздің нәтижесі. Ендігі кезекте еліміздің басты мұраты –  30 озық мемлекеттер қатарына қосылу.  Осы ортақ мақсатқа ел болып еңбек ету арқасында ғана жетуге болады.
Жиында стратегиялық құжаттың еліміздің  өркендеу жолында серпін болатындығын облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Мейрамбек Қиықов толығырақ айтып берді. Жолдауда отандық өнімдерді экспортқа шығару мәселесі бар. Шешеннің айтуынша, біздің өңір – аграрлық аймаққа жатады. Сол себепті,  экологиялық таза азық-түлік шығару арқылы әлемдік азық-түлік нарықтарында өз орнымызды таба аламыз. Сонымен қатар,  «Made in Kazakhstan» брендімен   тек экологиялық таза өнімдерді  шығарғанда  ғана  тауарларға сұраныс арта түседі, –  дейді ол.   Бұдан соң,  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының  көлемі 20 пайызға өсетіндігін айтып, жақында жолданған Елбасының Жолдауы жайында азаматтық пікірін білдірді. Оның айтуынша, биылғы стратегиялық құжат ерекше бағытта құрылған.
Сонымен қатар,  Жолдау жаңа терминдерге бай. Бұл да Қазақстанның  дүниежүзілік стандартқа сай жұмыс істеуінің себебінен туындап жатқан жағдай екендігіне тоқталды.  «Заманына қарай адамы» дегендей бір жыл екінші  жылға ұқсамайды. Биылғы Жолдау соның айғағы екенін  баса айтты. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі аймақтық орталығының басшысы Әлібек Баймағамбетов  отырыста  
Елбасы Жолдауының ұсыныстарын ортаға салды.  Ел арасында үгіт-насихат топтары   белсенді  жұмыс істеуі  қажеттігіне тоқталды.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар