Жаңа жоба қолға алынды

Соңғы жылдары Степногорск қаласында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатыр. Бұған жауапкершілігі шектеулі «Тепличные технологии Казахстана» серіктестігі  айқын дәлел бола алады.

Аталмыш серіктестік  көкөніс өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта картоп өсіру бо-йынша жаңа жобаны қолға алмақшы. Алқаптың технологиялық картасы әзірленіп, ол үшін 1495 гектар жер белгіленіпті. Сондай-ақ, кәсіпорын «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен келіссөз жүргізіп, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатына 233 миллион еуро несие алуға ниеттеніп отыр. Әрі ағымдағы жылы барлық инфрақұрылымдарды қалыпқа келтіріп, қойма салуды көздеуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар