Жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды

Облыс әкімі Сергей Кулагин облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысып, жиналған қауымды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жақсылық, бақыт тіледі.

Көкшетау қаласының орталығында құрылған шырша мен оның айналасындағы мұз қалашығы биылғы жылы ерекше дизайнмен жасалыпты. Жаңа жылдың көркі атанған жасыл шыршаның маңына жиналған қауым оның безендірілуіне тәнті болды. Қалашықтағы Аяз ата мен Ақшақар, жаңа жылдың символы – тауықтың бейнесі мен үш ат жегілген мүсіндер алаңға көрік беріп тұрғандай. Өз сөзін:
– Құрметті көкшетаулықтар! Сіздерді алдымен ел тәуелсіздігінің шежіресінде бой көтеріп тұрған 25-ші шыршамен шын жүректен құттықтаймын!  – деп бастаған өңір басшысы Сергей Кулагин осы ширек ғасыр ішінде ертеңгі болашағымыз жас ұрпақтың білім, спорт  салаларында жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін айта келе, оларға зор алғысын білдіріп, үлкен сенім артты.
Орталықтағы шыршаны салтанатты жағу рәсіміне облыстық басқармалар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Бұдан соң облыс орталығындағы темір жол вокзалының және «Дос-тар» мәдениет сарайының алдында бой көтерген шыршалардың шамдары да рет-ретімен жағылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар