Жақсылық нышаны

Бүгін  Солтүстік  Қазақстан облысынан келіп, қолыма қалам алдым. Астана – Бурабай автобанының  даңғыл жолы Петропавл  қаласына  дейін тартылған екен.

25   жылдың  ішінде  елдің  өскен  өркенінің куәсіндей,  осынау  тас жолдың  бір  кедірі мен  бұдыры  болсайшы!
Жолай  жайқалған егін мен өңі кіріп қалған ауылдарды   көріп, соншалық  қуандым. Елбасы  да  Қызылжар  жеріне  келіп  жатыр  екен. Терістік  диқандары  әр гектардан  18  центнерден астық  жинауда. Қазақстанның  өсіп, өркендегені  бір ғана  Астанада емес екен. Өңірлер  де дамып, түзеліп келеді.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері   Николай  Акуевтің  бір сөзі  жадыма орала берді. – Нұрсұлтан  Назарбаевқа  рахмет! Елді  кемеңгерлікпен  басқарып,  әлемге танытты, – деген еді  бір  әңгімесінде. Николай  Ильичтің  ол сөздерінің  бекерден-бекер айтылмағанына  осы  жолы  ел адамдарымен  дидарласу  үстінде  анық  көз  жеткіздім.

  Смағұл  РАХЫМБЕК.  
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар