Жан-жақтан жиналған ардагерлер риза болып аттанды

Облыс орталығындағы «Дәстүр» мейрамханасында «Көкшетау-Алтынтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әр жылдары осы кәсіпорында еңбек еткен егде адамдарға құрмет көрсетті.

 

Ардагерлерді алтын өндірумен айналысатын осы серіктестіктің кәсіподақ комитетінің төрағасы Әнуарбек Әленов Қарттар күнімен  құттықтап, дендерінің саулығы мен ғұмырларының ұзақтығын, отбасының амандығын тіледі. Жиналғандар марқұм болған еңбек ардагері  Темірхан Ысқақовты еске алды.
–  Бізде егде адамдарға осы ай бойы құрмет көрсету дәстүрге айналған. Мүмкіндік болса, мұндай ардақты жандардың жыл бойы көңілдерін тауып жатсақ артық емес. Өйткені, үлкенге құрмет көрсету ұлтымыздың қанына сіңген қасиет. Өмірлік тәжірибелеріңіз мол болғандықтан, біз сіздерден жастарға деген ақыл-кеңестеріңізді де күтеміз. Осы жағынан да үнемі көмек қолын созып жатасыздар. Сол үшін алғысымыз шексіз, – деді кәсіподақ комитетінің төрағасы. Бүгінгі таңда «Алтынтау-Көкшетау» серіктестігінде 147 зейнеткер тіркелген. Қарттардың 17-сі Степняк қаласында тұрады. Олар бұрынғы шахтерлер, механикалық құю цехы мен қосалқы шаруашылықтың жұмысшылары мен мамандары. 130 шақты  зейнеткер Астана, Көкшетау, Павлодар қалаларында және іргедегі Қонысбай ауылында тұрады. Биыл олардың қатары 18 зейнеткермен толықты.
Шара барысында серіктестіктің еңбек ардагерлері кеңесі төрайымының орынбасары Зоя Плакущая да жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде әр жерден жиналғандардың бала-шағасы өмірде жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, өз отбастарына тек қана қуаныш әкелулерін  тіледі. Егде адамдарға серіктестік жыл сайын қомақты қаржылай көмек  қарастырады. Дастархан жаюды да ұмытпайды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы мерейтой
жасына толған Амангелді Нұғыманов, Ғайша Балапайқызы, тағы басқа  қарттарға Алғыс хат пен «Алтын парфюм» дүкенінен тауар алатын сертификат табыс етті. Бұдан соң егде адамдар Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің педагогтар ұжымы мен оқушылары әзірлеген концертті  тамашалап, ескерткіш суретке түсті.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар