Жан-жақты жұмыс

Аудандағы балалар шығармашылығы үйінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы болып өтті.

Аудан жастарына әлеуметтік қолдау жасап, өзін-өзі дамытуға жол ашу мақсатында ұйымдастырылған форум бірнеше бағытты қамтыды.  Мәселен, бишілер «Қара жорға» биі, актерлік дарыны барлар театрландырылған қойылым секілді шеберлік сыныптарына қатысқан болса, көшбасшылық қабілеті бар жастар өзге тапсырмаларды орындап, өздерін интеллектуалдық жағынан дамыту тұрғысында жұмыс істеді. Сонымен қатар, форум барысында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу бойынша бір топ жастармен белсенді жұмыс жүргізілді.
Отансүйгіштікке баулу мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы  жұмысты «Kazakhstan for peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысының спикері Әлімжан Тойлыбаев пен аудандық ішкі сая-сат бөлімінің дінтану бойынша маманы Темірлан Ибраев жүргізіп, жастарға бүгінгі күні қоғамда, шет мемлекеттерде болып жатқан лаңкестік оқиғалар туралы жан-жақты айтып берді. Әңгіме барысында деструктивті ұйымдардың ықпалынан қорғанудың әдіс-тәсілдері үйретіліп, дін туралы ақпараттардың дұрыс берілмеуі жөніндегі слайдтар көрсетілді және тренингтер өткізілді.
Форумға қатысқан жастар ұйымдастырылған бұл шеберлік сыныптарының олардың жұмысы мен өміріне қажеттілігін айқын сезінді.  Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар