Жан жылуына бөлеген

Адамгершіліктің туын биік ұстап, көкірегі қаяу қарттардан жылы лебізін аянбай, қолдан келген жәрдемін беріп жүретін жандардың бірі  – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері  Мағпира Нұрпейісова.

Ол аталмыш мекемеде 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – адам өміріндегі ең ізгі қадамдардың бірі болса, Мағпира Қалауиденқызы сондай игі іске бар ғұмырын арнаған адам. Қамқорлығында  арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж бес қарт адам бар. Тағдыр теперішін бір кісідей тартқан олар өздерінің қыздарындай болып кеткен  Мағпираны асыға күтіп отырады. Оның тиянақты істеріне әбден разы қариялар әрдайым жылы лебіздерін білдіріп жатады.
Ұжымында сыйлы, әріптестері арасында абыройлы ол өзін жауапты әрі ұқыпты қызметкер ретінде таныта білген. Әлеуметтік қызметкерлерге арналған білім жетілдіру курстарына да үнемі қатысып тұрады. Адал, қалтқысыз еңбегі үшін басшылық тарапынан бірнеше мәрте Алғыс хаттармен марапатталды.
Мағпира Нұрпейісова Қазақстан Республикасының  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік   даму министрлігі  ұйымдастырған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауының Ақмола облысы бойынша жеңімпазы атанып, енді республикалық байқауда бағын сынауға мүмкіндік алып отыр. Мағпираның бұл биік белесті де бағындыруға бар күш-жігерін салатынына  әріптестерінің сенімі мол.
Жанат СӘБИТОВ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар