Жанашырлық көрініп тұрды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, мұң-мұқтаждарына қанықты. 

  Қабылдауға келген өңір тұрғындарының басым көпшілігі баспана мәселесі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты аула маңын абаттандыру,  су құбырларын  тарту және тұрмыс жағдайын жақсарту жайттарын көтерді.  
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  мәселелердің оңтайлы шешілуін тездету мақсатында  сол арада бірқатар  лауазымды тұлғалармен телефон арқылы тілдесіп, олардан бұл түйткілдерді шешуге қаншалықты ықпалдаса алатындықтарын сұрап білді.
Атбасар ауданындағы Мариновка ауылының тұрғындары  жайылымдағы малдарын бағу үшін жер телімдерінің шекарасын айқындауда көмек сұрады. Ал, Моңғолиядан Зеренді ауданының Первомай ауылына қоныс аударған  қандасымыз азаматтық  алу мәселесін көтерсе, партия мүшесі  Зере Қиықова «Еңбек ардагері» мәртебесін заңдастырар кез келгендігін алға тартты.
Ғалым Бекмағамбетов қабылдау соңында көтерілген барлық мәселелердің аяқсыз қалмайтындығын, осыған орай, тиісті мекемелерге нақты сауалдардың жолданатындығын айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар