Жарайсың, Алина!

ақмолалық биатлоншы Алина Райкова универсиада чемпионы

31 қаңтар күні жекелей сында жарысқа түскен қазақстандық  биатлоншы Алина Райкова 15 шақырым қашықтықты бірінші болып бағындырып, Алматыдағы 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды.
Нысана көздеуден екі рет қателескен Райкова аталған қашықтықты 59 минут 48,7 секундта бағындырды. Тағы бір қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская болса, араға 2,21 секунд салып, мәре сызығын екінші болып қиды. Үздік үштікті украин қызы Надя Белкина қорытындылады.
Алинамен бірге, Қазақстан қоржынына командалық сайыста  фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек те алтын салды.
Спортшыларымыздың  осы жеңістерінің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте ресейліктерден кейін екінші орынға жайғасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар