Жарнама мәтіні қашан түзелер екен?..

 Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында сыртқы жарнамалардағы «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуына арналған дөңгелек үстел болып өтті. Оған кәсіпкерлер, осы салаға жауапты құзырлы орган өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

  Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ, қаладағы мемлекеттік тілде жазылған сыртқы жарнамаларда әріп қатесі ғана емес, мағыналық жағынан да қателіктер көптеп кездесіп жатады. Қалалық прокуратураның қызметкері Медет Сәрсембаев заңда көрсетілген талаптардың орындалуы міндетті екендігін атап өтті. Жарнамалардағы қателіктер қолданыстағы заңдарымызды сақтамау, яғни, заңды бұзу деп қабылдануы керек. Ал, заңды бұзу заң бойынша жауапкершілікке тартылатыны белгілі. Сондықтан, мұндай қолайсыздықтарға ұшырамас үшін әрбір кәсіпкер жарнамалық материалдардағы мемлекеттік тілде жазылған мәтіндердің сауатты болуын қамтамасыз етуі міндетті.
Дөңгелек үстел барысында ортаға салынған ой-пікірлердің негізінде алдағы уақытта мемлекеттік тілде жазылған жарнамалық нұсқалар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекітілуге тапсыруға ұсынылуы қажет деген шешім қабылданды.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар