Жас мергендер сайысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына  орай, №2 Жақсы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында мергендер жарысы өткізілді.

 

Онда облысымыздың 12 ауданынан келген мергендер нысана көздеп, сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша топтық есепте Бурабай ауданының мергендері үздік деп танылды.  Екінші орын Көкшетау қаласының, үшінші орын Еңбекшілдер ауданының мергендеріне бұйырды. Ұлдар арасында бірінші орынды Көкшетау қаласының  жас мергені Рашид Романчук жеңіп алды. Екінші орынды Еңбекшілдер ауданынан келген  Павел Дюрягин  иеленсе,  үшінші  орынды  Бурабай ауданының мергені  Вадим Куралес  қанағат тұтты. Қыздар да ер балалардан мергендіктен  осал емес екенін көрсете білді. Жарыста Бурабай ауданының мерген қызы  Айдана  Тайғара үздік деп танылды. Екінші орынды Бурабай ауданынан  келген Валерия Оземская алса, үшінші орынды  Көкшетау қаласының мергені Ангелина Вдовина иеленді.
      Есентай ЖЫЛҚЫБАЕВ,
облыстық білім   басқармасының   жанындағы дене тәрбиесі, спорт  және алғашқы әскери даярлық оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері, запастағы  полковник.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *