Жасөспірім палуандар белдесті

Облыс орталығындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуының 25  және  Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан  шығарылуының  28 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында  грек-рим  күресінен жарыс болып өтті.

Бозкілемдегі белдесуге 2000-2003 жылы туған  50 жасөспірім  спортшы қатысты. Жас палуандардың  арасында облыс аудандарынан  және Солтүстік   Қазақстан облысынан келгендер де  бар.  Жарыстың ашылу салтанатында ауған соғысының ардагері Болат Уайысов  жас спортшыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін  білдірді.
 Палуандар  47 келіден 85 келіге дейінгі  салмақ дәрежесі бойынша күш сынас-ты. Қазылар ұйғарымына орай 47 келі салмақтағы палуандар арасынан бірінші орынды Көкшетау қаласының спортшысы  Елдар Дұмбай иеленді. Ал, 50 келі  салмақта бірінші орынды атбасарлық Мүсілім Евлоев, 54 келі салмақтағы тағы бір  атбасарлық Ахат Тұрсынбеков жеңіп алды. 76 келі салмақпен жеңіс тұғырынан Солтүстік Қазақстан облысынан келген Денис Халицкий көрінді. 85 келі  салмақта  көкшетаулық  Данат Ұсабаев қарсыластарынан басым түсіп, жүлдегер атанды. Жарыс жеңімпаздары медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Назгүл Рабилова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар