Жастар сөз бен ой жарыстырды

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетіктерін әзірлеу, жастардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін арттырып, патриоттыққа  тәрбиелеу, елімізде ділмарлар қозғалысын дамыту мақсатында қолға алынған шараны «Нұр Отан» партия-сы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне республиканың бүкіл аумағына тапқырлығымен және шешендік өнерімен танылған, облыстағы белсенді «Ділмар -КУАМ» пікірсайыс клубы мұрындық болды.
Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Арқалық  қалаларының ділмарлары қатысқан аталмыш турнир британдық форматта өтіп, «үздік спикерді» анықтау үшін Линкольн Дуглас форматы пайдаланылды. Сайыс нәтижесінде қазақ лигасында Астана қаласынан келген Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Сабыржан Тілепалды мен Ержан Қонысбайдың «Ғақлия» және орыс лигасынан Қостанай қаласынан келген Асқар Сегізбав пен Айнұр Байғожинаның «Команда имени Билана» командалары жеңімпаздар атанды. Сол сияқты астаналық Қаналы Фархат пен керекулік Сәулет Ғаббас «үздік спикерлер» болып танылды. Турнир барысында «Ділмар-КУАМ» пікірсайыс клубының ділмарлары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Әсел Жұмағұлова мен Ерқанат Нұрахмет «Үздік төреші» атағына ие болды.
Сонымен қатар, турнирді жоғары дәрежеде ұйымдастыруға облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қызметкерлері атсалысқандығын атап өткен жөн.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар