Жастар жақсыға ұмтылуы тиіс

Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері жастарға арналған республикалық ғылыми-педагогикалық конференцияны онлайн режимде тыңдады.

Онлайн-конференцияны  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Арыстан  Ғазалиев ашып, азаттыққа қол жеткізген Қазақстанның кешегісі мен бүгінін саралап, тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктер жа-йында баяндады. Әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу елінің санатына қосылған Қазақстан болашақта үздік отыздықтың құрамына кіруді мақсат етіп отыр. Мұндай биік мақсатқа жетуге жастар да өз үлестерін қосуы тиіс деп атап өтті Арыстан Ғазалиев.  Сондай-ақ, жастарға Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова отансүйгіштік туралы баяндап, еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. «Өз елін мақтан тұту қазақстандық патриотизмнің берік іргетасы», – деді өз сөзінде халық қалаулысы.  Бұдан әрі Елбасымен бірге оқыған курстасы Қуаныш Омашев  студенттерге  Нұрсұлтан Назарбаевтың бойындағы жігерлік, алғырлық, табандылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттері жайында айтып берді.
Бүгінде әлемге танылған
тарихи тұлға болып қалыптасуына оның бойындағы осындай қасиеттерінің ықпалы зор болғандығы анық деді ардагер.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар