Жастары тоқсанды еңсерді

Бұланды ауданының әкімі Қуандық Еспергенов те Жаңа жыл алдында қарттармен кездесіп, Елбасы тапсырмасын орындауға асықты.

Ол орынбасары Ораз Смағұловпен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан соғыс және еңбек ардагерлеріне құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат табыс етті. Майдандағы ерліктері мен еселі еңбектері үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық тіледі. Өз кезегінде ардагерлер де Президентті және жергілікті атқарушы өкіметке ыстық ықыластары мен мейірімді қамқорлығы үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Жақия Қанғожин Жеңістің 70 жылдығына дайындықтың барысын сұрастырып, Алла қуат берсе, сол мерекеге өзінің белсене қатысқысы келетінін жеткізді. Өткен наурыз айында ол 90 жасқа толса, ерлі-зайыпты Зайченколар ауданның ең қарт соғыс ардагерлері болып табылады. Федор Васильевич қазір 93-те, ал, зайыбы Нина Ивановна 92-ге келеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар