Жауапсыздық жазалауға негіз болады

Бүгінде түзету мекемелерінде ізгілендіру шаралары қолға алынғанымен, темір торда отыратындар саны азайған жоқ. Мұны әлемдік сарапшылардың мәліметтерінен де көреміз. Бірақ, мәселе сотталушылардың түрмеде көптеп тоғытылғанында да емес, оларға жасалатын ізгілік шаралары қандай деңгейде деген сауал алдымен ойға оралады.

  Елімізде  құқықтық саясатты дамытудың тұжырымдамасында бас бостандығынан айырылғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды орындауға жауапты институционалдық құрылымдарды дамыту аса қажет екендігі аталып көрсетілген еді.
Ал, биылғы жылдың басынан жаңа қылмыстық-атқару кодексі қолданысқа енгізіліп, онда түзету мекемесінде ізгілендіруді жүргізу және сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету басты назарға алынды.
Міне, осы құқық талаптарының орындалуына қадағалау жасайтын прокуратура органдары  заңның да белден жиі басылатынын анықтайды. Бір ғана мысал, Жақсы ауданында жыл басынан бергі алты ай ішінде шартты мерзімдерге сотталғандар мен бас бостандығын шектеу түрінде жазасын өтеуші тұлғаларды қадағалау жұмысы нашарлап кеткені белгілі болды. Аудандық сот шешімімен сотталған бір азамат есепте тұрса да, прокуратураның тексерісі кезінде еш рұқсатсыз өзінің тұрғылықты мекен жайын тастап кеткен.
Ал, тағы бір сотталушы бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған болып шықты. Демек, мұндай тұлғалармен қадағалау жұмысы толымды жүргізілмейді деген сөз.
Жақсы аудандық прокуратурасының тексерісі нәтижесінде  облыстың қылмыстық атқару департаментіне ұйғарым жолданып, кінәлі тұлғаларды жазалау сұралды.

Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар