Жеңімпаз боксшыға қошамет көрсетілді

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина кәсіби боксшы Ержан Зәлеловпен кездесті.

Ол өз қарсыластарын он бір мәрте жеңіп, бір рет тең түскен. Қазір көкшетаулық спортшы Ресейдің Ухта қаласында магистратурада оқиды. Ержан жарыстарда Қазақстан атынан шығып, еліміздің көк байрағын талай рет аспанға көтерді. Бүгінгі таңда ол Көкшетау қаласында тұратын ата-анасының үйінде.
Ержан соңғы ұрысын өткен жылдың соңында 12 мың көрермен сиятын Almaty Arenaда өткізді. Мұнда Фируза Шәріпова мен Джемил Гонтарюк кездесуінің алдында андеркарда қатысушылары тамаша жекпе-жектер өткізді. Көрермендер нокауттар мен күтпеген нәтижелерді көрді. Ержан Зәлелов қазақстандық Айдын Елжановты жеңіп, WBC CISBB Silver версиясы бойынша жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді тақты. Надежда Патюткина спортшыны осы жеңісімен құттықтап, Қазақстан бұл спорт түрінің алдыңғы сатысында екенін атап өтті.
–Зәлеловтың жеңісі бокспен айналысатын балалардың көбейіп келе жатқанын дәлелдей түседі. Ақмолалықтар мұндай жеңіске қуаныш білдіреді. Біздің спортшылардың жетістіктері көп. Барлық ақмолалық тұрғындар спортты сүйеді, әр спортшыға жанкүйер болады. Біз спортшыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз,– деді өз сөзінде басқарма басшысы.
Махаббат БОЛЬШИНА,
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *