Жеңіс тойы тойланды

Ұлы Жеңіс мерекесі біздің ауданда да жан-жақты атап өтілді. Алғаш рет «Мәңгілік полк» акциясы ұйымдастырылып, оған 300-ге тарта ақкөлдік қатысты.

Аудан әкімі Теміржан Едігенов те игі шарадан қалыс қалмады. Барлық қатысушылар соғыста болған туған-туысқандарының фотосуреттерін қолдарына ұстап, бір кісідей аудан орталығындағы басты алаңда Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады. Федор Трубицын, Иван         Носик есімді ардагерлер де қастерлі күнді көпшілікпен бірге қуана қарсы алды. Жас ұрпақ өкілдері майдангерлердің құрметіне өнерлерін көрсетсе, аудан әкімі алаңға жиналғандарды мейрамдарымен құттықтап, бір топ азаматтарға Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың мерекелік медальдарын табыс етті.

Светлана ЗИНЧЕНКО.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар