Жер тиімді пайдаланылсын

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсінбаевтың төрағалығымен жер қатынастары саласында өткен жылдың жұмыс қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері сараланған кеңес өтті. Оған қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық, аумақтық басқармалар мен ведомстволардың, қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары қатысты.

Облыстың жер қатынастары саласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында былтыр облыстық және аудандық деңгейде бірнеше шаралар өткізілді. Қазіргі күнгі алда тұрған маңызды міндеттердің бірі жекеменшік тұрғын үй және көппәтерлі тұрғын үй қоры құрылыстарын жермен, сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып отыр. Өңірлерде коммуникациялар тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет. Тұрғын үй құрылысын салуға жер бөлу мәселесі де тікелей осыған байланысты болып отырғаны белгілі. Сол сияқты, бөлінген жер телімдерін дұрыс пайдаланбайтындардың жалға алу келісім-шартын бұзу шараларын қолдану жайы да маңызды.
Кеңесте өткен жылдың жұмыс қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина, облыстық жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Рүстем Төкенов, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт, «Азаматтардың үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ облыстық филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаментінің директоры Медеу Қалыбеков баяндама жасады.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның айтуынша, облыс аумағында жер заңнамасының нормаларын түсiндiру жөнiнде құзыреттi мемлекеттiк органдар мен мекемелер өкiлдерiнен жұмыс тобы құрылып, жұмыс iстеуде. Халық арасында түсiндiру iс-шараларын өткiзу мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдар әзiрленген. Сонымен қатар,
насихат жұмыстарын жүргiзу үшiн аймақтық кеңестер, тренингтер өткiзу кестесi бекiтiлген.
Кеңес жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелерден дұрыс нәтиже шығарып, жұмысты неғұрлым жаңа, сапалы арнаға бұру жөнінде тиісті міндеттерді белгіледі.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар