Жиырма төрт үміткер қатысады

2008 жылы Жезқазған қаласында өткен кәсіпкерлердің тұңғыш форумында Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінен «Парыз» сыйлығын белгіледі.

Содан бері өңір тұрғындарының әл-ауқатына, сондай-ақ, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бизнестің корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілігі елеулі үлес қосып келеді. Биылғы жылы конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, тоғызыншы рет өткізілмекші. Бұл байқауға біздің облыстан 24 кәсіпорын қатысады. Қала мен аудандардың шағын және орта бизнес субъектілері «Әлеуметтік жауапкершілігі үздік кәсіпорын», «Облыстың еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорны» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша сынға түспекші. Конкурсқа қатысушылардың барлығы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласуда.
«Парыз» байқауы елдің дамуына лайықты үлес қосып жүрген жаңа бизнес өкілдерін халыққа танытатынына сенім мол.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар