Жоба кеңсесі ашылды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында аудан орталығында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобалық кеңсе аудандық орталық кітапхананың ғимаратында орналасқан. Дәстүрлі көк лентаны қию рәсімін аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділет Рақымжанов және аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов іске асырып, қазақы салтпен шашу шашылды.
Тұсаукесер рәсіміне жиналған қауым кеңсе ішін аралап көрді.
Олар жобалық кеңсенің жұмысына ақ жол тілеп, бағдарламалық мақала бағыттарының сәтті орындалатынына сенім білдірді.
Аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері қонақтарды кітап көрмелерімен және «Рухани жаңғыру» аясында әрі қарай жасалатын жұмыстың жайымен таныстырды. Тағы бір айта кететін жайт, аудандық орталық кітапхананың «Туған өлкем – бұлағым» атты жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы облыстық маңызы бар жобалардың тізіліміне енді.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *