Жолаушы тасымалы жақсартылады

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылды тұрақты жолаушылар маршруттарында тозған автобустар үлесін 60 пайыздан төмен емес деңгейге қысқарту, ал, 2019 жылы осы көрсеткішті 50 пайыздық деңгейге жеткізу көзделген.

Ақмола облысы аумағында автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 212 тұрақты маршруттарда, оның ішінде – 63 қалаішілік (кентішілік), 31 – қала маңындық, 59 – ауданаралық (облысішілік, қалааралық), 33 – ауданішілік, 19 – облысаралық және 7 – халықаралық маршрутта жүзеге асырылады.
Ақмола облысында қалыптастырылған тұрақты республикаішілік маршруттарда жұмылдырылған жылжымалы құрам 854 бірлікті құрайды, оның ішіндегі пайдалану мерзімі 9 жылдан астамы 519 бірлік, бұл 60 пайызды құрайды.
Облыстың қалалық маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрам (Көкшетау, Степногорск, Ақкөл, Атбасар, Щучинск, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск қалаларында), 319 бірлікті құраса, оның ішіндегі пайдалану мерзімі 9 жылдан астамы – 181 бірлік немесе 56,7 пайыз.
Бұл ретте, тұрақты қалалық автобус маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрамның негізгі үлесі Көкшетау қаласына тиесілі – 192 бірлік, оның ішіндегі пайдалану мерзімі 9 жылдан астамы – 138 бірлік немесе 71,9 пайыз.
Тұтастай алғанда, облыс бойынша ағымдағы жылды 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен көзделген «Тұрақты жолаушылар маршруттарында тозған автобустар үлесін 60 пайыздан төмен емес деңгейге қысқарту көрсеткіші орындалды.
Тозған автобустар үлесінің ең жоғарғы көрсеткіші Көкшетау қаласында байқалатынын ескере отырып, қазіргі уақытта «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасын жүзеге асыру бойынша мәселе пысықталуда. Жоба шеңберінде ескірген қалалық автобустардың 40-50 пайызын жаңарту көзделуде.
Автобустардың тұтынушылық, қолданушылық, экономикалық қасиеттері мен қоғамдық пікірді зерттеу және аймақ үшін осы автобустардың қолайлы модельдерін анықтау мақсатында Көкшетау қаласында 11 желтоқсаннан бастап тұрақты қалалық автобустық маршруттарында жаңа автобустарды сынап көру қолға алынады.
Тестілік қызмет көрсетуге Евро-5 экологиялық класына және басқа да қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін орта және үлкен сыйымдылықты жаңа қалалық автобустар жұмылдырылатын болады.
Автобустарды пайдалану нақты жағдайларда, ең көп сұранысқа ие бағыттар бойынша қызмет етуді қамтамасыз ете отырып, жүргізіледі.
Жолаушылардан тестілік автобуста жүру ақысы алынбайды.
Бірінші тестілік автобустың жұмыс режимі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Әрі қарай автобустарды тестілеу диллерлер мен автобус өңдірушілерінен ұсыныстардың түсуіне қарай 2018 жылдың қаңтарының соңына дейін жүргізілетін болады.
Тестілік режимді талдау қорытындысы, автобустардың маркаларын анықтау, Көкшетау қаласының қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамын анықтау кезінде ескерілетін болады.

Дудар САҒИТОВ,
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
басшысының міндетін атқарушы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *