Жомарттық қазақ қанында бар

Макинск қаласының мектеп-лицейінде Бұланды ауданының іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Клара Мендібаева  аудандық білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қолдауымен «Ашық жүрек» атты қайырымдылық кешін ұйымдастырды. 

Мектеп-лицейдің мәжіліс залында өткен танымы мен тағылымы бөлек іс шара барысында  Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Дәмелі  Қойшина, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Есмурзина,  сондай-ақ,   басқа да лауазымды қызметкерлер сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды.
 Қайырымдылық шарасының барысында аукцион ұйымдастырылып,  балалардың қолымен жасаған қолөнер бұйымдары, суреттер сатылымға шығарылып,  түскен қаражатты ұйымдастырушылар қайырымдылық мақсатқа жұмсайтынын қадап айтты. Сонымен қатар, акция барысында ортаға жәрдем ақша үшін арнайы сауыт орнатылды. Іс-шара соңында сауыттың ішіндегі ақша да есептеліп, жиналған 84 мың теңге көлеміндегі қаражат Макинск қаласындағы мүгедек балалар мекемесіне  тапсырылды. Ал аукционда жиналған 60 мың теңгедей қаржыны  ұйымдастырушылар көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына бөліп  беретін болды.
Іс-шараның соңында көп балалы аналарға  ақ дастархан жайылып,  концерттік бағдарламамен жалғасып, сый-сыяпаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
 Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар