Әзіл-шыны аралас

Бернард Шоу атақты пьесаларының бірінің премьерасынан кейін басты рөлде ойнаған актрисаға былай деп телеграмма жолдайды:
«Ғажап, тамаша, ғаламат!..»
Қатты әсерленген актриса қолма-қол жауап жібереді:
«Асыра мақтапсыз».
Бернард Шоу қайта телеграмма салады:
«Мен пьеса жайында айтқанмын».
Актриса тез жауап қайырады:
«Мен де».

***
Марк Твен газет редакторы болып тұрғанда әлдебір дарынсыз ақыннан «Мен неге тірімін?» деген өлең келіп түседі, Марк Твен:
«Себебі, сіз өлеңіңізді редакцияға өз аяғыңызбен әкелмей, пошта арқылы салып жіберіпсіз», –деп жауап жазып, өлеңімен қоса авторға жөнелтеді.
***
Белгілі неміс жазушысы, әрі редактор Теодор Фонтане бір жолы пошта арқылы әлдебір автордың өлеңін алады. Автор өлеңге қоса жазған хатында былай деп өтініш білдіріпті:
«Мен үтірлерді әдейі қоймадым, себебі, олардың керегі жоқ деп санадым. Қажет деген жерлерге өзіңіздің қоя беруіңізді өтінемін».
Фонтане өлеңді иесіне қайтара отырып, қосымша былай деп жауап жазады:
«Сізден өтінемін, келесі жолы тек қана үтірлер жолдаңыз, өлеңді мен-ақ жазайын».

***
Джек Лондон Нью-Йорктегі бір журналға әңгіме жазып жіберемін деген уәдесін кешіктіре беріпті. Шыдамы таусылған журнал редакторы жазушы орналасқан қонақ үйге арнайы іздеп келіп, былай деп қағаз жазып кетеді: «Қымбатты Джек  Лондон! Егер де әңгімеңіз алдағы жиырма төрт сағат ішінде қолыма тимесе, онда өз обалыңыз өзіңізге, бөлмеңізге келемін де, құйрығыңызға бір тебемін, сонда басқышпен төмен қарай домалағаныңызды сезбей де қаласыз, ал, мен уәдені ешқашан екі етпейтін адаммын».
Лондон оған: «Қымбатты Дик!  Егер мен жұмысты аяқпен істесем, әлдеқашан орындаған болар едім», –деп жауап жазады.

***
Италияның ұлы композиторы Дж. Верди елу жасқа толғанда он сегіздегі жас музыкантпен кездесіп қалады. Жас ару ылғи өзі туралы сөйлеп, өз музыкасын мақтай беріпті. Верди оны мұқият тыңдап болған соң былай дейді:
«Мен он сегізге толғанымда өзімді ұлы композиторға балап, үнемі «Мен!», «Мен!» дедім. Жиырма беске келгенде «Мен және Моцарт» дедім. Қырыққа келгенде «Моцарт және мен» дедім. Ал, қазіргі айтарым: «Тек қана Моцарт!».
Дайындаған  Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар