Әзір қыстан қысылатын емес

Облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары мал қыстату науқанын ойдағыдай жүргізуде.

Бүгінгі күні облыста 401 мың 500 бас ірі қара, 155 мың 800 бас жылқы, 529 мың 100 қой, 116 мың 500 шошқа мен 5 миллион 178 мың 200 құс бағылып, күтілуде. Барлық малдың 34,1 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 13,2 пайызы шаруа қожалықтары мен фермерлерге және 52,7 пайызы тұрғындарға тиесілі.
Мал қыстату науқанына биыл қажетті шөп, пішендеме, сүрлем, сабан мен жемнің екі жылдық қоры дайындалды. Яғни, бұл көрсеткіш бір малға 23,1 центнерден келеді. Бұл былтырғы жылдағыдан 101,8 пайыз артық. Мәселен, Атбасар ауданындағы Темірхан Мұқышев басқаратын «Бастау» серіктестігі 811 гектардан 15 мың тонна сүрлем жинады. Гектар берекесі 185 центнерден айналды.
Сондай-ақ, Жақсы ауданындағы Павель Казьмин басқаратын «Новокиенка» серіктестігі бір жарым жылдық мал азығының қорын дайындады. Целиноград ауданындағы Еңбек Ері Иван Сауэр де жемшөп қорын молынан үйіп алды. Есіл мен Қорғалжын аудандарынан өзгелері мал азығын дайындау жоспарын 102,7 пайызға орындады.
Атап айтқанда Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандары сүрлемді молынан дайындағанын атап өткен жөн. Тұрғындар да қажетті мал азығын жинап алды. Сөйтіп, өңірдің көптеген шаруашылықтары мен фермерлері,   тұрғындары әзірше қыстан қысылмай, мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізе білуде.

Ғибрат ОЖАРОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар