Әзірлік паспортын уақытында алу қажет

2015 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен энергия өндіруші және беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары бекітілген болатын.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын беруді жүзеге асырады. Облыстың энергия беруші кәсіпорындарына осындай 12 паспорт берілді.
Оның ішінде «Көкшетау минералды сулары», «Бривас-Көкше», «ЭнергоПромКомпани», «СТ Транзит» серіктестіктері бар. Сондай-ақ,өзге паспорттар «АРЭК», «KEGOС»  акционерлік қоғамдарына, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, «Степногорск ЖЭО», «Көкшетау Энерго», «Степногорск Энерготранзит», «Степногорск Теплотранзит», «Шаңтөбе Энергокомплекс»  серіктестіктеріне берілді. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу
әр жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Қолданыстағы заңнамада энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген. Өткен жылы облыс бойынша 12 энергетикалық кәсіпорындардың барлығы белгіленген мерзімде өз паспорттарын алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша белгіленген электр қуаты 5 МВат және одан төмен, 5 МВаттан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары, сондай-ақ, өз теңгерімінде кернеуі 35 кВат пен одан төмен электр желілері мен 110 кВат және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспорттарын қағазбен, электрондық әдіспен Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау порталы www.elicense.kz арқылы алу мүмкіндігі қарастырылғанынан хабардар етеміз, яғни, әлеуетті мемлекеттік қызмет түрлерін пайдаланушыларға үйден шықпай-ақ, электрондық түрде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу мүмкіндігі берілгенін атап көрсеткіміз келеді.

Ержан ЕРТАЕВ,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  Атомдық және энергетикалық қадағалау
және  бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша  аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар