Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.

Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы «Мальбек» метро стансасында 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.  
Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
– Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бельгияға сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр.

 

 

Елбасы Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген және стратегиялық серіктестік
туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты.
Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар