Ақкөлде «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында ақындар мүшәйрасы өтті. Аудандық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған бұл мүшәйраға талабы бар мектеп оқушыларымен бірге, ұстаздар да қатысты.
Мүшәйраның ойдағыдай өтуіне тілдерді оқыту орталығының әдіскері Сырғалы Тәбілтайдың сіңірген еңбегін атап өту керек. Ол – ауыл-ауылдан талабы бар жастарды тартып, мемлекетіміздің өткені мен бүгінін, болашағын жырлауға дұрыс бағыт-бағдар берді. Ұлттық рухта жазылып, жұртшылық алдында оқылған өлеңдер көрермен көңілін толқытпай қоймады.
Жанына қаламын серік еткен жастарды ақындыққа баулып, шығармашылығын насихаттау үшін ұйымдастырылған мүшәйра қорытындысы бойыншы жүлделі үшінші орынды Азат орта мектебінде іс-тәжірибеден өтіп жүрген болашақ мұғалім Аятхан Жәнібек пен №3 Ақкөл орта мектебінің түлегі Ақжол Даму иеленді. Екінші орынды Азат орта мектебінің мұғалімі Қуаныш Төлеген және №3 Ақкөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ақжол Сәбит еншіледі. Ал, бірінші орынды Новорыбин орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айгөлек Өмірбек жеңіп алды.
Ақшагүл БІРМАНОВА,
Ақкөл аудандық тілдерді оқыту
орталығының директоры.