Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел дамуы мен өркендеуінің басты кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Ел дамуы мен өркендеуінің басты кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында алға қойылған міндеттердің іске асырылуын  қарастырған «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола магистралдық желілері бөлімшесінің жалпы жиналысына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова еңбек ұжымына осы тарихи құжаттың басым бағыттары туралы  баяндап берді.

Елбасының бұл мақаласы елімізге «Қазақстан-2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен мемлекеттілігімізді нығайтуға, қазіргі күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын  болады. Осынау маңызды құжатта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру стратегиясын 100 қадамға бөліп, ондағы негізгі міндеттерді тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Бүгінгі таңда еліміздегі темір жол саласы Қазақстан экономикасының күре тамыры ретінде кең-байтақ еліміз бойынша  жүк және жолаушылар тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз етуде. Осылайша болат жол бойының тарландары мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді.
Кездесуде сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова Елбасы мақаласының әр тарауы еліміздің алдында тұрған міндеттер ғана емес, соның нақты бағыт-бағдары көрсетілген құжат екенін атап өтті. Сөз орайында теміржолшылар да Ұлт жоспары мақаласын қызу талқылап, Елбасының саясатымен толық келісетінін әрі осы сала мен еңбек адамына жүктелген асқаралы міндеттерді орындуға лайықты үлес қосатындықтарын жеткізді.
– Президент өзінің Ұлт жоспарында экономикалық көрсеткіші жоғары, дамыған 30 елмен иық тірестіру үшін темір жол саласын дамытуға ерекше көңіл аударып отыр. Өйткені, кез-келген елдің экономикасының дамуында темір жол саласының алар үлесі салмақты. Бүгінгі таңда Ақмола облысы аумағында 67 жеке пункт және 1,5 мың шақырым темір жол бар. Мұнда 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ұжым аумағында «Аждар және К» өндірістік кооперативі, «Тұлпар-Talgo», «Локомотив құрастыру зауыты», «Бәйтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен өзге де кәсіпорындар темір жол көлігі саласының тиімді жұмыс істеу үшін өз үлестерін қосуда. Осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, еліміз экономикасының дамуына өзінше үлес қосып жүрген  ақмолалық теміржолшылар да Елбасының сая-сатын қолдайды да, қуаттайды да, – деді Ақмола магистралдық желілері бөлімшесінің директоры Ермек Төлегенов.
Сонымен қатар, кездесу соңында кәсіпорынның дамуына лайықты үлес қосқан, өз істеріне адал Әмина Оспанова, Наталья  Богославец, Айгүл Ерімбетова, Төлебай Құжантаев, Айжан Сәденова және Сергей Долгополов сияқты ұжым еңбеккерлеріне облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы атынан Алғыс хат тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар