Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, іс-шара аясында өткен кездесулер қауіпті ядролық материалдар айналымын бақылау мәселесіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді, ал АҚШ Президенті Барак Обаманың осы саммиттерді шақырудағы көшбасшылығы ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне нақты үлес қосты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қолдауы арқасында кеңестік Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтардың барлығына тыйым салу қажеттігін тағы да атап айта келе, өз мақаласын  «Сынақтарға тыйым салу барлық мәселені өзінен-өзі шешпейді. Бірақ келісімнің күшіне енуі біздің әлемдегі ядролық қаруды жою жөніндегі түпкілікті мақсат жолындағы тағы бір елеулі қадам болмақ», – деп түйіндеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар