Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соттағы істер уақытында қаралуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Соттағы істер уақытында қаралуы керек

Ертедегі даналар қоғамдағы келеңсіздіктердің бәрі әділетсіздіктен деп дәл айтқан. Тек әділдіктің арқасында ғана адамдар ортақ тоқтамға, ымыраға келе алады.

Алданғандар, шындық іздеп шарқ ұрғандар ақиқатқа араша түседі деп сеніп, сотқа келеді. Ал, соттың міндеті жазалау емес, заңды шешім шығарып, аяғын шалыс басқандарға заң аясында қол ұшын созып, тәртіпке шақыру. Судья үшін әрбір қараған ісінің нүктесін қойып, шешімін шығару оңай шаруа емес. Оның қабылдаған шешімі заңға сәйкес болғанымен бір тараптың көңілінен шықса, екіншісі риза болмай жатады. Кейбір іске қатысушы тұлғалардың орынсыз өкпе білдіріп, судьяның істі дұрыс қарамағандығын айтып, соттарға сырттай реніш те білдіретіні рас. Мұндай теріс ойлар сот жүйесіне деген халықтың сеніміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, қандай санаттағы азаматтық іс болса да, уақытылы қаралуы тиіс. Бұл жерде судьяның біліктілігі мен өз қызметіне деген адалдығы, жауапкершілігі маңызды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 163-бабына сәйкес, арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақытылы қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындықты жүргізуге міндетті. Ол үшін арнайы ұйғарым шығарып, осы сатыда жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді. Сот талқылауына дайындық он бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Осы орайда әріптестеріме ескерте кететін бір жайт, дайындық жүргізу туралы шығарылған ұйғарымда сот талқылауына дайындықтың қай күні бітетіндігін көрсетіп, жауапкерге талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ, жауапкер пікірдің көшірмелерін және оған қоса берілетін құжаттарды талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібергені туралы құжаттарды қоса тіркеу қажет. Сот процесіне  дайындық сатысында тараптарды берілген онбес күндік уақыттың бірінші бес күні ішінде шақырып, олардың құқықтарын жан-жақты түсіндіру қажет.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, соттар істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған. Олар тараптың дәлелді өтініші бойынша ғана оған заңмен көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі. Тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді әуелі бірінші сатыдағы сотқа ұсынады. Дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған жағдайда, оларды апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотқа ұсыну мүмкіндігі болмайды. Себебі, апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс. Тек жаңа дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың реті келмесе, яғни,  тараптар бірінші сатыдағы сотта іске қатыспаса, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеу және талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделіп, қанағаттандырусыз қалдырылса, бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі.
Тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар алдын ала сот отырысына шақырылып, істің мән-жайын өзара талқылайды, сұрақтар қойып, даулы құқықтық қатынастардың сипаты мен дауласушы екі жақтың татуласуына ықпал ететін тұстарды қарастырады. Судья істі дайын деп танығаннан кейін, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарып, істің өтетінін  хабарлайды.
Қазіргі таңда әрбір судья өзінің өндірісіндегі істерді заңда көзделген мерзімнен кешіктірмей заңды басшылыққа ала отырып қарайды. Себебі, сот шешімімен келіспеген тарап заң талаптарына сай соттың апелляциялық, кассациялық сот алқаларына шағымдана алады. Бұл жерде жоғары сатыдағы соттар төменгі сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді, өрескел қателер болған жағдайда сот актілері бұзылып, судьяға қатысты хаттар жолданып, жеке қаулылар  шығарылуы мүмкін. Азаматтық процестік кодекстің 173-бабында нақты көрсетілгендей, сот талқылауын кейінге қалдыруға жол берілмейді.
Жоғарыда айтып өткенімдей, істердің уақытылы қаралуы – сот төрелігіне деген халық сенімін арттырудың бірден-бір кепілі. Ісіміз заң тұрғысында әрдайым сауатты, шешіміміз әділ болғай.

Нұрлан БЕКЕНОВ,
Астрахан аудандық сотының
судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар