Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм Бурабай курортты аймағы арқылы дамиды - АРҚА АЖАРЫ

Туризм Бурабай курортты аймағы арқылы дамиды

57-қадам. Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды белгілеп берді. Осы орайда, Ақмола облысында туристік кластерді құратын негізгі аумақ Щучинск-Бурабай курортты аймағы болып саналады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2020 жылға дейінгі Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарын бекітіп, оның аясында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары қолға алынуда. Былтырғы жылы 8 жоба жүзеге асырылды. Бөлінген қаржы шеңберінде Бурабай кентіндегі кәріздік тазалағыш нысанының және аудандық Ішкі істер басқармасы ғимаратының құрылыстары жүргізілуде. Курортты аймақтың көшелері мен жолдары жөнделді. Қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасы мен Щучинск қаласын нақты жоспарлаудың  жобасына түзету енгізілді.
Биылғы жылы аталмыш жоспар аясында республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, Бурабай кентіндегі жол жүйесінің құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Бурабай кентіндегі бу қазандығының құрылысы мен Щучинск қаласындағы көшелердің күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Щучинск-Бурабай курортты аймағындағы туристік кластердің маңызды бағыттарының бірі – тиісті инфрақұрылымы бар суға шомылу мен сауықтыру туризмін дамыту болып табылады. Бұл мақсатта аталмыш аймақтың көл жағалауында ойын-сауық кешендерін құру жобаларын жүзеге асыру үшін шетелдік және қазақстандық инвесторлар тартылған.
Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бойынша мемлекет пен облыстық әкімдіктің қолға алған нақты шаралары барлық инженерлік коммуникациялары бар алаңдар және туристік инфрақұрылымдар нысандарына турис-тер тарту үшін транспорттық логистика дайындау болып табылады. Бұның бәрі әлемдік деңгейдегі туристік орталықты құруға бағытталған. Жыл сайын аталмыш аймақта 5-10-ға дейін туристік инфрақұрылым нысаны бой көтереді. Оның ішінде «Riхos» қонақ үйін, «Қазақстан Лапландиясы» ойын-сауық кешенін, әртүрлі бағыттағы мәжіліс залы мен бөлмелері көп «Хаус паркін» атап өтуге болады. Бұл нысандардың барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес салынған.
Трамплиндік кешен мен биатлон алаңы бар республикалық шаңғы базасының құрылысы жүргізілуде. Нысан әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізу орталығына айналады. Мұнда жоғары класты шеберлермен бірге көрермен ретінде көптеген туристер тартылмақ. Қазіргі заманғы гольф-клуб құрылысы аяқталуға жақын. Сауықтыру туризмін дамыту мақсатында Бурабай курортының емдеу базасы ұлғаюда. Щучинск-Бурабай курортты аймағы мен Ақмола облысының қосымша өсу резерві мен туристік әлеуетін дамыту үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану керек.
Ойын-сауық кешендерін құру жобаларының барлығы Ақмола өңіріне туристерді тартуға өз ықпалын тигізуде. Бүгінгі таңда туризм басқармасы Щучье, Бурабай, Кіші және Үлкен Шабақты көлдерінде шомылу аймағын жабдықтау бойынша инвестициялық жобалардың тізімін құрды. Мұнда
1,5 -3 мың орындық концерт залы бар көп функционалдық форум орталығының құрылысы жүргізіледі. Щучинск-Бурабай курортты аймағында жабық спорт кешені, Қатаркөл демалыс аймағында атшабары бар ат спортының кешені салынады. Бурабай ауданында жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк іске қосылатын болады. Бұл және өзге жобалардың тұсауы биылғы жылдың мамырында «Ақмола инвест-2016» халықаралық инвестициялық форум аясында «Ақмола облысының туристік индустриясын дамытудың болашағы» сессиясында отандық және шетелдік инвесторлар алдында кесіледі. Ерекше назар жергілікті жағдай есепке алынып, курортологияны дамытуға байланысты жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне аударылады. Бұл мәселеге Ресейдің инвесторлары үлкен қызығушылық танытып отыр. Туристік кластер құру жолында қолға алынған шаралар туристерді қабылдап, қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Туризм саласының көрсетілген қызметтері мен жұмыстары қомақты қаржы құя бастады.

Шынарбек БАТЫРХАНОВ,
облыстық туризм
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар