Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жауапты науқанға дайындық мәселесі күнбе-күн назарда ұсталуда» - АРҚА АЖАРЫ

«Жауапты науқанға дайындық мәселесі күнбе-күн назарда ұсталуда»

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан:

Міне, көктемгі егіс науқаны да жақындап қалды. Оған өңір диқандары қандай дайындық жасауда? Осы орайда, арнаулы тілшіміз тиісті мекемеден аталмыш мәселенің  жай-жапсарын біліп келген еді.

 

– Мұрат Сағатұлы, көктемгі егістің жай-күйі, міндет пен меже төңірегінде айтып өтсеңіз?
– Биыл облыс диқандарының алдында 4 миллион 645,2 мың гектар алқапқа тұқым сіңіру міндеті тұр. Бұл өткен жылғы деңгейден 2,8 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4 миллион 227,5 мың гектар жерге себіледі. Субсидияланбайтынына қарамастан, өңірде картоп пен көкөніс отырғызылатын алқаптарды көбейту межеленгенін атап өткен жөн. Тұрғындарды есепке алғанда картоп алқабы 18,7 мың гектарды, көкөніс алқабы 4,4 мың гектарды құрайды.
Майлы дақылдар себілетін алқаптар өткен жылмен салыстырғанда, сәл азаяды деп болжанып отыр. Сөйтіп, майлы дақылдардың алқабы 206,7 мың гектарды құрайды. Өңірде агротехникалық шараларды сақтаудың арқасында майлы дақылдар тұқымы өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік мол. Азықтық дақылдар 187,9 мың гектар алқапқа сіңіріледі. Облыс бо-
йынша азықтық дақылдардың жалпы көлемі 597,7 мың гектарды құрайды. Бұл 2015 жылғы деңгейден 39,5 мың гектарға артық.
–  Шаруашылықтар сапалы тұқыммен толық қамтамасыз етілді ме?
– Облыс бойынша көктемгі егіс науқанын өткізу үшін 523,3 мың тонна тұқым қажет. Қамбадағы 553,8 мың тонна тұқымдық астықтың барлығы тексерістен өтті, оның 87 пайызы бірінші және екінші сортты тұқым. Өңірдің тұқым шаруашылығындағы аттестатталған субъектілерінде сорт жаңарту үшін 86,4 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы құйылғанын атап айтқан жөн. Бүгінгі таңда бұл тұқым облыстағы шаруашылықтарға сатылуда. Сондай-ақ, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері тұқым шаруашылығындағы аттестатталған субъектілерінен 17,9 мың тонна тұқым сатып алуға келісім-шартқа отырды. Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқым қажеттілігін тұқым сатып алу және оны ауыстыру есебінен толық көлемде қамтамасыз етті.
–  Көктемгі егіске қажетті техникалар дайын ба?
– Көктемгі егіс науқанында 17 мың сеялка және 1076 өнімділігі жоғары егіс кешені қатысады. Биыл егіс кешендерімен астық тұқымының 65 пайызы сіңіріледі деп межеленген. Сөйтіп, ылғал сақтағыш технология бойынша егіс алқабы 3,3 миллион гектарға жеткізіледі. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге  егіс кешендері дайын. Өзге де техникалардың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен, әр ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеуге кіріспеген шаруа қожалықтары бар. Осы орайда, жөндеуді аяқтау мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Облыс бойынша барлық қажетті техникалардың жөндеу жұмыстарын 20 сәуірге дейін аяқтау міндеті қойылды.
– Ауыл шаруашылығы құрылымдарын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде айтсаңыз?
– Облыста көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін 77,1 мың тонна дизель отыны, 8,2 мың тонна бензин, 4,5 мың тонна май қажет. Бүгінгі таңда облыстың шаруашылықтарында 12,5 мың тонна дизель отыны, 3,8 мың тонна бензин, 2,3 мың тонна дизель майы бар. Өңірге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 65 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді. Үкімет биылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін арзандатылған дизель отынының құнын белгіледі. Оның 1 литрі 95,5 теңге. Кепілдендірілген дизель отынын «Қазмұнайгаз» өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы мен «Петросун» серіктестігі тасымалдайды. Наурыз айында бөлінген дизель отыны толық таратылды. Дизель отынын тасымалдау кестеге сәйкес жүргізілуде.
–  Минералдық тыңайтқыштар мәселесі шешілді ме?
– Биылғы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, егіс кезінде 0,9 миллион гектар алқапқа 24 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу межеленген. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 22,8 мың тонна минералдық тыңайтқыш сатып алу үшін келісім-шартқа отырды. Оның 4,1 мың тоннасының құны төленіп, 3,7 мың тоннасы зауыттан тасымалданып алынды. Қазір облыс шаруашылықтарында 9,8 мың тонна тыңайтқыш бар. 15 мамырға дейін облысқа 15,8 мың тонна минералдық тыңайтқыш жеткізіледі. Сөйтіп, көктем кезінде 650 мың гектар алқапқа 18 мың тонна тыңайтқыш енгізіледі.
 –  Несие жөнінде не айтар едіңіз?
– Несиелеу бағдарламасы бойынша «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация-сы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кепілдігімен көктемгі дала жұмыстарын өткізуге 5 миллиард теңге бөлінді. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 804,9 миллион теңгеге өтінімдер берген. 250,5 миллион теңгенің өтінімдері мақұлданыпты. Бүгінгі таңда облыстың шаруашылықтары 203 миллион теңгенің несиесін алды. Бұл жұмыс сәуірдің соңында аяқталады.
– Биыл  егіншілік саласына қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?
– Биылғы жылы мемлекет өңірдің егіншілік саласын дамытуға 4,9 миллиард теңгеден артық субсидия бөледі. Оның 579,3 миллион теңгесі тұқым шаруашылығын қолдауға, 2,8 миллиард теңгесі гербицид сатып алу бағасын субсидиялауға, 1,5 миллиард теңгесі минералдық тыңайтқыш бағасын субсидиялауға бағытталған. Бүгінгі таңда егіншілікті қолдаудың субсидиялау ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жатыр. Қазір қаржыны игеру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Субсидияның болжамды нормативтері құрылып, аудандар бойынша қаржыны игерудің квоталары дайындалуда. Ереже бекітілгеннен кейін заңнама аясында субсидияның нақты нормативтері бекітіліп, аудандарға квоталар таратылады. Бұл бағдарламалар бойынша субсидиялау толық көлемде игеріледі.
– Көктемгі егіс жұмыстарын қанша жұмыс күнінде аяқтап шығуды межелеп отырсыздар?
– Жұмыс жоспарына сәйкес, облыс бойынша 1779,8 мың гектар алқаптың ылғалы жабылады. Бұл жұмысты 6 күнде аяқтау межеленген. Өңір бойынша егіс алдындағы өңдеу жұмыстарын 1463,1 мың гектар алқапта жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыс бір аптаның ішінде атқарылады. Жұмыс жоспарына сәйкес, 4227,5 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдарды сіңіру жұмысын 18 жұмыс күнінде атқару межеленген. Егіс кешені астық алқабының 65 пайызын себеді. Ерейментау ауданындағы егіс үшін 23 күн, Есіл, Жақсы, Жарқайың және Шортанды аудандарының егісі үшін 20-21 күн, Сандықтау мен Целиноград аудандарындағы егіс үшін 19 күн қажет. Жалпы, облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарын уақытында әрі қажетті агротехникалық деңгейде өткізу үшін барлық шаралар қолға алынды.

Сұхбатты жүргізген Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар