Ақсуат ауылындағы «Байтеміров және К» шаруа қожалығы 1421 гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар сіңіруді межелеп отыр.
Өткен жылы қожалық ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әр гектардан 15-18 центнерден астық жинады. Қамбаға 200 тонна сапалы тұқым құйып алды. Машина-трактор паркінің 90 пайызы жаңартылған.
– Алқап егіс науқанына дайын. 200 гектар пар үш ізбен өңделді. Өз күшімізбен сыйымдылығы екі мың тонна астық қоймасын, техника шеберханасын, дүкен мен наубайхана салып алдық. Егіс кешеніміздің ауқымы кең, енді жерімізді кеңейтеміз деп отырмыз. Астық тазартатын техника да сатып алу қажет,– дейді шаруа қожалығының басшысы Қайрат Бәйтеміров(суретте). Қожалық егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен де айналысады. Сондықтан, азықтық дақылдар себу де жоспарланған.
Раушан БАРЖАҚСЫ.
Ерейментау ауданы.