Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Босаңдық байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Босаңдық байқалуда

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалық етуімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды.

Жиынға аталмыш қоғамдық кеңестің мүшесі Асқар Әміржанов төрағалық етті. Алдымен «Ұстаз» бастауыш партия ұйымының төрайымы, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова өз ұжымында 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы жөнінде баяндап,  білім ошақтарында пара алу және берумен байланысты заң бұзушылықты болдырмау мақсатында жүргізілген нақты істерге тоқталды. Мәселен, облыстағы 26 кітапханада жемқорлықпен күрес тақырыбында көрме ұйымдастырылып, жыл басынан бері сенім телефонына келіп түскен он төрт өтініш түгел қаралған. Мектептерге бұрын сотталған азаматтардың мұғалімдікке жұмысқа алынбауы жіті қадағаланып отырады. Соңғы мониторингілеу кезінде мұндай факті Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарында тіркеліп, ол ұстаздардың үшеуі де қызметтерінен босатылған екен.
Өкінішке орай, тұрғындардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруда қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, жиында келтірілген мына бір деректер көңіл көншітерлік емес. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында облыста осындай 85 құқық бұзушылық орын алған. Оның басым бөлігі Көкшетау қаласында тіркелсе, Целиноград ауданында 17, Степногорскіде 6 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған. Өткен жылғы есептік мерзімдегі статистикалық деректермен салыстырғанда, биыл  тіркелген заң бұзушылықтар 7,6 пайызға көп. Бұл алаңдатарлық жағдай, әрине.
Облысымыздың білім және денсаулық сақтау салаларында жүргізілген тексерістер нәтижесі жайлы Ақмола облысы бо-йынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Дүйсенбеков айтып берді. Аталған инспекция  өткен жылы 382 бақылау шарасын өткізіп, жалпы сомасы 101 миллиард 143 миллион 514,32 мың теңгенің бюджет қаражаты бақылаумен қамтылды. Нәтижесінде 42 миллиард 25  миллион 401,24 мың теңге немесе барлық  соманың 41,6 пайызының дұрыс жұмсалмағандығы анықталды. Соның ішінде 17 миллиард 991 миллион 943,65 мың теңге заңды бұза отырып жұмсалса, 9 миллиард 770 миллион теңгеден астам қаржыны  игеру тәртібі дұрыс сақталмаған. Мемлекеттік сатып алу, жергілікті бюджет қаражатына өзгерістер енгізуде де бірқатар өрескел қателіктерге жол берілгендігі мәлім болды. Ол үшін 45 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 434 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке шақырылып, оның алтауы қызметтерінен босатылды.  Қоғамдық кеңес отырысында бұл кеселді тәртіп сақшыларының күшімен ғана емес, әлеумет болып біріксек қана шеше аламыз деген ортақ тұжырым айтылды.

    «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар