Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – болашақ мол өнімнің берік негізін қалау - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – болашақ мол өнімнің берік негізін қалау

Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесінде  2016 жылдың  көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланып, осы жауапты науқанды ұйымшылдықпен қысқа мерзімде, сапалы өткізудің  басты міндеттері белгіленді. Кеңес жұмысына қатысқан аудан, ауыл әкімдері, тиісті басқармалар мен ведомстволардың, шаруашылықтардың басшылары, фермерлер, өңдеуші және жабдықтаушы кәсіпорындардың жетекшілері алдымен ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін аралап көріп, осы саладағы соңғы жетістіктермен танысты.  

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің кеңесте сөйлеген сөзі Құрметті кеңеске қатысушылар!
Біз бүгін ауыл шаруашылығының айрықша маңызды науқаны – 2016 жылдың көктемгі егісі қарсаңында тұрмыз. Көктемгі егісті барлық талаптарға сай, сәтті өткізу мол ырыстың кепілі. Көктемнің осы бір сәті диқандар үшін қым-қуыт қарбаласқа толы, жауапты кезең. Өйткені, мол астық алу үшін көктемнің қас қағым сәті қымбат. Оның үстіне агротехникалық шараларды талапқа сай атқару керек.
Бүгінгі шараның мақсаты – көктемгі егіс науқаны кезіндегі алғашқы кезекте атқарылуға тиісті міндеттерді талқылау, орын алып отырған кейбір кемшіліктерді уақытылы жою, алдыңғы қатарлы шаруашылық басшылары мен ауыл шаруашылығы ғалымдарының ұтымды ұсынысын тыңдау. Өткен жылдардың қорытындысын егжей-тегжейлі талдап көрелік. 2015 жылы ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 4,7 миллион тонна астық жинады. Бұл еліміздегі астықтың жалпы көлемінің бестен бірін құрайды.
Облыстың астық өндірушілері ішкі қажеттілікті толық өтеп, қажетті тұқым қорын қамбаға құйып, оның үстіне мал азығымен де толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ, 13 алыс-жақын шетелдерге және еліміздің жеті облысына 1,8 миллион тонна астық сатылды. Шетелдерге 1178,2 мың тонна, республика ішінде 706,2 мың тонна астық сатылды. Алдымыздағы көктемгі егіс науқаны кезінде ауа райына байланысты қауіпті барынша азайта отырып, ауыл шаруашылығы мәдениетін жетілдіру технологиясы мен ұсыныстары негізінде ұтымды жұмыстар жүргізуіміз қажет.
Сіздер ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа технология-сын толық сақтаған кезде ғана өнімнің өте жоғары болатындығын, бәсекелестікке қол жеткізу мүмкіндігі молая түсетіндігін жақсы білесіздер. Қазіргі кезде біз әлемдік стандарттарға неғұрлым жақындаған сайын жұмыс қарқыны, оның тиімділігі арта түседі. Сондықтан да, біз жер өңдеудің әдіс-тәсілдерін, жаңа ғылыми ұсыныстарды, соны жетістіктерді басшылыққа алып отыратұғын болсақ, ауа райы қолайлы жылдары ғана емес, қуаңшылық жылдары да табиғаттың сынына төтеп берген болар едік. Жоғарыда айтылған мәселелерге орай, ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен аудан әкімдеріне мынадай тапсырмалар беремін:
1. 2016 жылы жұмыс жоспарында межеленген егістік алқаптарға толық көлемінде сапалы тұқым сіңіріліп, ылғал жабу кезінде барлық агротехникалық шаралар кешенін, егіс алдындағы өңдеу жұмыстарын тиянақты жүзеге асырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын белгіленген мерзімде егіп бітіру қажет.
2. Көктемгі дала жұмыстарының стратегиясы мен тактикасы орайындағы агрокеңесте айтылған ұсыныстарды мұқият басшылыққа алудың барлық шаралары қарастырылсын.
3. Таяу күндері техниканың барлық түрлері толық жөндеуден өткізілсін. Мемлекеттік қолдау көрсететін «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары толық жүзеге асырылсын.
4. Үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін тұқым тапшылығы сезіліп отырған шаруашылықтар облыстағы тұқым шаруашылықтары арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін болсын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Тұқым туралы» Заңына сәйкес, тексерілмеген және өнгіштік қасиетке жеткізілмеген тұқым себілмесін. Бұл мәселе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты назарында болуға тиісті.
5. Егістік жер көлемін оңтайландыру арқылы мал азығын, картоп пен көкөніс егілетін алқаптар көлемі кеңейтілсін.
6. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін көбейту арқылы ғылыми негізде құнарлы топырақ құрамын сақтау әрі жақсарту жұмыстары белсенді жүргізілетін болсын.
7. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіретін алқап көлемінің 3,3 миллион гектар жері үдемелі технология арқылы өңделіп, астық және дәнді бұршақты дақылдар алқаптарының үлес салмағы 75 пайызды құрайтын болсын.
8. Алқаптарды арамшөптен, аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары уақытылы жүргізіліп,  тұқымды дәрілеу жүз пайыз қамтамасыз етілсін.
9. Өсімдік шаруашылығын қолдауға бағытталған бюджет қаржысы өз көлемінде және толық игерілсін.
Сөз соңында облыс диқандарына мықты денсаулық, сіздердің игілікті істеріңізге зор табыс және қолайлы ауа райы мен мол астық өндіруге тілектестік білдіремін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар