Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көшпелі отырыс Ақмола облысында өтуі мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

Көшпелі отырыс Ақмола облысында өтуі мүмкін

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті үшінші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен өткен комиссияның отырысында негізгі тақырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру немесе бермеу мәселесін талқылау болып айқындалған болатын.  Айта кетерлігі, бұған дейін комиссия төрт бағыттағы жұмыс топтарын айқындап, олардың жетекшілері сайланған. Өткен бір апта ішінде осы төрт топ негізгі тақырыптарды талқылап, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы штабта бірқатар жұмыстар атқарған. Осыған байланысты Б.Сағынтаев жұмыс топтарының атқарған шаралары туралы жетекшілерден қысқаша баяндама тыңдауды ұсынды.
Ауыл шаруашылығы саласында Қытайдан қаша беруге болмайды, қайта оларға баруымыз керек. Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы көшпелі отырысы Ақмола облысында өтуі мүмкін. Бұл туралы комиссия отырысында Үкімет басшысының орынбасары, комиссия жетекшісі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, жер комиссиясының отырысында бірқатар мәселелер ортаға салынды. Сондағы ұсыныстың бірі – халық арасына шығып, комиссия көтерген пікірлерді халыққа жеткізіп, жұрттың пікірін де білу.
«Келесі отырысты біз өңірлерге шығудан бастасақ. Бөлініп, топ-топпен халықты аралайық, пікірлесейік. Бір топты мен басқарайын, екіншісін Мұхтар Абырарұлы басқарсын, үшіншісін Асқар Мырзахметов басқарсын деген секілді», – деді Б.Сағынтаев. Осыған байланысты комиссия жетекшісі арнайы кесте жасауды да ұсынды. Оның айтуынша, комиссия бір айда өңірлерді аралап, Астанада қайта бас қосуды жоспарлайды. Сосын өңірлерді тамыз айының соңына дейін аралап шығып, содан қорытындылар, талдаулар жасауға кіріседі.
«Сондықтан да, келесі кездесуді Астана маңындағы Ақмола облысында баруды ұсынар едім. Осы облыстың төңірегіндегі мәселелерді талқылайық, оған шекаралас жерлерге де барайық. Комиссиямен осыны келісейік, шаруа қожалықтарын, белсенді азаматтардың бәрін сол отырысқа шақырайық. Сол үшін бүгін Ақмола облысына баратын мүшелерді, белсенділердің тізімін жаза берсек деп отырмын. Сосын күнін белгілеп, көшпелі отырыстарды Ақмола облысынан бастасақ», – деді Б.Сағынтаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар