Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірде мал шаруашылығы дамып келеді. Бірақ, оны бұдан да өркендетуге болады - АРҚА АЖАРЫ

Өңірде мал шаруашылығы дамып келеді. Бірақ, оны бұдан да өркендетуге болады

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Қадырхан Отаров пен облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдиннің қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың  үшінші сессиясында 2015 жылғы облыстық бюджеттің қорытындылары, өңірде мал шаруашылығын дамыту және жергілікті полицияның жұмысы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сағадат Әшебековтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар департаменттер мен басқармалардың, мемлекеттік органдардың  басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндама жасады. Өткен жылғы теңгенің құнсыздануына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, жалпы алғанда облыс бюджеті жоспарға сай орындалған. Оның кірісі 143,1 миллиард теңге болса, шығысы  142,6 миллиард теңгені құрады. Бюджет кірісінің негізі болып табылатын салық түсімі 100,1 пайыз көлемінде болды. Денсаулық сақтау, білім салаларына бөлінетін қаржы көлемі біршама өсіп, соның нәтижесінде осы салалардағы біраз өзекті мәселелер өз шешімін тапты. Атап айтқанда, жергілікті жерлерде 2 емхана мен 3  дәрігерлік амбулатория салынды.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Аяғанов өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі жайында ой-пікірлерін білдірді.
Облыс экономикасында үлкен орны бар мал шаруашылығы саласын дамыту туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан баяндама жасады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына үлкен міндеттер қойды. Аграрлық секторды өркендету осыған қатысты бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді.
Облыста «Агробизнес-2020»  бағдарламасы шеңберінде нақты жос-пар жасалып, мақсатты жұмыстар қолға алынуда. Мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектің арқасында сала бойынша жалпы өнім көлемі жыл сайын артып келе жатқаны байқалуда. 2015 жылы мал шаруашылығында 76,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – 2013 жылмен салыстырғанда 124,6 пайыз деңгейінде. Мал басы да жылдан-жылға өсіп келеді. Мал өнімдері көлемін көбейтуге мал тұқымын асылдандырудың да тигізетін ықпалы аз емес. Бұл бағытта облыста айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін барлық ірі қараның 31,2 пайызы асылдандырылған.
Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нартай Ысқақов өз сөзінде мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен шешімін күткен кейбір өзекті мәселелер жайында айтып берді. Мәселен, Атбасар ауданындағы «Бастау» серіктестігі жайылым жоқтығының зардабын тартып отырса, осы аудандағы 280 мың гектар жайылымы бар «Әліби» агрофирмасы мал шаруашылығымен мүлде айналыспайды. Осыған орай, депутат бос жатқан жерге салынатын салық көлемін арттыруды ұсынды.
Биылғы жылдың басынан бастап іске кіріскен жергілікті полициялардың жұмысы жайында баяндаған Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанбай Омаров облыстық әкімдік ұйымдастыру шараларына қажетті қаржы бөлгенін атап көрсетті. Жергілікті полицияның күш салуымен өңірде бірқатар қылмыс түрлерінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кемігені байқалуда. Атап айтқанда, ауыр қылмыс көлемі 12 пайызға,  бұзақылық 23, зорлау  26, мал ұрлығы  27 пайызға азайған. Дегенмен, депутаттар тарапынан баяндамашыға қойылған сұрақтар көп болды. Оның бәрі қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау сияқты бүгінде барша жұртты толғандырып отырған сауалдар.
Облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша тағы басқа да бірқатар мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар